Облыс көлемінде алғаш рет ұйымдастырылған “Oral Winter Fest” фестивалі аясында шаңғышылар жарысы өтті. Қысқы спорт мерекесінің шымылдығын ашқан бұл бәсеке тартысқа толы болды.

Бәсекеде ұлдар екі шақырым, ал қыздар бір шақырым қашықтықта сынға түсті. Жас спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

Жарыс қорытындысында Бекет Құрманғазы «Ең үздік техникасы үшін», ал Қазболат Ерманов «Ең жас қатысушы» аталымымен марапатталды.

Қыздар арасында Кәусар Құрманғазы үшінші орынға ие болса, Ксения Кудрявцева екінші орынды иеленді. Ал бірінші орынды Яна Гагарина жеңіп алды.

Ұлдар арасында Кирилл Голубев үшінші орыннан көрінсе, Данила Гранев екінші орынға табан тіреді. Ал Никита Берковский жарыс жеңімпазы атанды.

Аталған дода өңірде қысқы спорт түрлерін дамытуға серпін беріп, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға үлкен мүмкіндік ашты.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz
