20.02.2026, 19:00
Оқылды: 6

Жаңақала ауданында су мәселесі талқыланды

Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің төрағалығымен су шаруашылығы саласына қатысты жұмыс жиыны өтті.
image-20-02-26-04-57-4
Жиынға «ҚазСуШар» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Құсайынов қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, су нысандарын күтіп-ұстау, каналдарды тазалау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бағытында жүргізілген шаралар туралы баяндады.
Өз кезегінде «ҚазСуШар» РМК БҚФ бөлім басшысы Ербол Төлеуғалиев биыл жүзеге асырылатын жобалар мен алдағы жоспарларды таныстырды.
image-20-02-26-04-57
Жиынға аудан аумағындағы шаруа қожалықтарының басшылары, ауыл шаруашылығы мамандары және ауылдық округ әкімдері қатысып, саладағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.
image-20-02-26-04-57-2
Жиын соңында жеке қабылдау ұйымдастырылып, көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жауапты тұлғалар айқындалды. Қорытынды сөзінде аудан әкімі саладағы жұмыстарды үйлестіруді күшейтіп, шаруалармен тығыз әрі жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.
Сыйлыхан Талапұлы,
Жаңақала ауданы
image-20-02-26-04-57-3 image-20-02-26-04-57-1
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале