21.02.2026, 15:00
Оқылды: 63

Ұлттық ұлан академиясына шақыру – жас буынға мүмкіндік

ҚР Ұлттық ұланының Батыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің әскер және диверсияға қарсы қауіпсіздік қызметінің аға офицері, капитан Камалов Сұлтанбек Сағынбекұлы Казталов ауданының 10–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
image-21-02-26-10-24-1
Кездесу барысында ол Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы құрамындағы жоғары оқу орны – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы туралы кеңінен ақпарат беріп, жас түлектерді оқуға түсуге шақырды.
Академияның ерекшеліктері:
 • Әскери және құқықтық бағыттағы сапалы білім
 • Тегін оқу және толық мемлекеттік қамтамасыз ету
 • Заманауи оқу-материалдық база
 • Жоғары тәртіп пен патриоттық тәрбие
 • Оқу бітіргеннен кейін кепілді қызметке орналасу
Сонымен қатар капитан Камалов курсанттарға жасалатын әлеуметтік қолдау, жатақхана, шәкіртақы және болашақта офицерлік шенге ие болудың артықшылықтарын атап өтті.
Кездесу барысында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, әскери қызметтің қыр-сырымен танысты. Мұндай үгіт-насихат шаралары жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, саналы мамандық таңдауға бағыт беретіні сөзсіз.
Ернәсіл Рысқалиев
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале