Бүгін Жәнібек ауданына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев арнайы жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысы сапарын Ұзынкөл ауылынан бастап бой көтеріп жатқан мектеп құрылысына барып атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен жан-жақты танысты.

Құрылыс жұмыстарын бас мердігер – «Наурыз» ЖШС жүргізуде. Жобаның жалпы құны 1 млрд 656 млн 215 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда. Жоспар бойынша мектеп жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі.

Сапар барысында облыс әкімі құрылыс сапасына ерекше назар аударып, барлық талаптардың сақталуын тапсырды.

Әсіресе қауіпсіздік шаралары, құрылыстың сапасы және мерзім тәртібі қатаң бақылауда болатынын атап өтті. Сонымен қатар мердігер өкілдеріне техникалық қадағалауды күшейтіп, атқарылған жұмыстарға нақты бағалау жүргізуді міндеттеді.

Мердігер тарап нысанды белгіленген мерзімде толық аяқтауға дайын екендіктерін жеткізді.
Дәулет Ғайнуллин
Жәнібек ауданы