Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Кенесары Нұршиновтің төрағалығымен төтенше жағдайға қатысты жиын өтті.

Аталмыш жиынға тиісті мекеме сала басшылары және Сайқын ауылдық округ әкімі Шыңғыс Абдоллин қатысты.
-Жуырда төтенше жағдайдың алдын алуға арналған арнайы топ өз жұмысын бастаған болатын. Топ жұмысы нақты су басу жағдайымен күресуге арналған құрал және техника жабдығымен танысудан басталды. Айтар мәселе көп. Иә, қазіргі таңда күн суық, қар еру мәселесі жоқ десек болар. Дегенмен, кез келген жағдайға дайын болуымыз қажет, - деді Кенесары Бекболатұлы.

Өз кезегінде аудандық ТЖБ басшысы Қуанышбек Еркеналиев мекеме жоспарымен бөлісті.
Бөлім басшысының айтуынша, наурыз айының ортасында аудан бойынша ауа температурасы бірден +15/20 градусқа дейін баратындығын айтты. Аталмыш жағдайды ескерсек, су басу қауіпі бар екені де жасырын емес.

Сонымен қатар, Қуанышбек Еркеналиев алдағы күндері, нақтырақ айтсақ, 25 ақпанда Сайқын ауылында төтенше жағдай бойынша арнайы техника көрмесі өтетінін хабарлады.

Еркебұлан Бисенғалиев
Суретке түсірген автор
Бөкей ордасы ауданы