25.02.2026, 11:00
Оқылды: 336

Референдум – демократияның маңызды институты

Жанболат Бақтығалиұлы, баршамызға, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың №1170 Жарлығына сәйкес, биыл 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша шешім қабылдауға бағытталған республикалық референдум өткізу тағайындалған болатын. Жаңа заң жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба? деген сұрақ республикалық референдумға шығарылып отыр. Осыған байланысты оқырмандарымызға референдум ұғымы туралы мағлұмат беріп өтсеңіз.

WhatsApp Image 2026-02-25 at 11.15.08

- Референдум — әр азаматтың елдегі өзгерістерге жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өз еркін тікелей білдіру мүмкіндігі. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады. Яғни белгілі бір заңды, Конституцияға өзгерісті немесе стратегиялық шешімді қабылдау не қабылдамау мәселесін билік халықтың өзіне ұсынады. Азаматтар «иә» немесе «жоқ» деп дауыс береді.

Қазақстанда Референдум өткізу туралы шешімді ҚР Президенті қабылдайды. Оған 18 жасқа толған Қазақстан азаматы қатыса алады. Сот төрелігі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, салық саясаты, бюджет, билік орындарының құзыреті, басқару нысаны, адам бостандығы мен құқығы, әкімшілік аумақтық құрылыс пен шекара мәселесі Референдумға негіз бола алмайды. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы Референдум 1995 жылы өткізіліп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдады.

Елімізде 15 наурызға республикалық референдум тағайындалды. Онда азаматтар жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесіне қатысты шешім қабылдайтын болады.

 - Референдумды дайындау, ұйымдастыру, өткізу жұмыстары кімдермен немесе қандай ұйымдармен жүргізілмек?

- «Республикалық референдум туралы» заңның 20 және 21-баптарына сәйкес, референдум тағайындалған сәттен бастап тиісті сайлау комиссиялары референдум комиссияларының функциясын жүзеге асырады.

Сондықтан да барлық деңгейдегі комиссиялар референдумды ұйымдастыру, дайындау және өткізу жұмыстарын қамтамасыз ететін болады.

Аудан бойынша 1 аумақтық, 24 учаскелік референдум комиссиялары жұмыс істейді. Аумақтық референдум комиссиясында – 7 адам, учаскелік референдум комиссияларында – 144 адам жұмыс істеуде. Аумақтық референдум комиссиясы Орталық референдум комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары негізінде жұмыстарын жүргізуде. Ал учаскелік референдум комиссиялары 22 ақпанда референдумға қатысатын азаматтардың тізімін әкімдіктен алғаннан жұмыстарын бастайды. Аудан тұрғындары өздерінің азаматтар тізіміне енген-енбегенін және дауыс беретін учаскесін анықтау үшін аудан әкімдігінің call-орталық телефоны 8(71141)21-4-39 қоңырау соғып, референдумға дейін де тексеруге мүмкіндіктері бар.

cbb4ae3f-fdc5-431e-9b7e-d1318d8f120b

- Референдумға дайындық жұмыстарына тоқталсақ.

-Референдум өтетіні жөнінде 9 елді мекенде тұрғындарды ақпараттандыру бағытында 12 жерге баннерлер ілінді және радио тораптары арқылы хабарламалар берілуде.  Жалпы күнтізбелік жоспарға сай ауданның аумақтық референдум комиссиясының және учаскелік референдум комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы және аудан аумағындағы референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарламалар аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетінде, аудан әкімдігінің «Сайлау» бөлімінде және ауданның аумақтық референдум комиссиясының әлеуметтік фейсбук парақшасында жарияланды. Қоғамдық жерлерде аудиожазбалар, бейнероликтерді көрсету орындары ұйымдастырылды. Тұрғындарды барынша хабарландыру бағытында әлеуметтік желілерге референдум жөніндегі хабарламалар жариялануда.

Үгіт-насихат жұмыстары референдум тағайындалған сәттен басталып, 2026 жылғы 14 наурыз сағат 00:00-де аяқталады. Учаскелік комиссиялар дауыс беру күніне 15 күн қалғанда, яғни 2026 жылғы 27 ақпаннан кешіктірмей, азаматтардың тізімін танысу үшін ұсынады. Учаскелік комиссиялар дауыс беру уақыты мен орны туралы шақыру билеттерін кемінде 10 күн бұрын,

яғни 2026 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей жеткізеді. Барлық референдум учаскесі мемлекет меншігіндегі ғимараттарының бірінші қабаттарында орналасқан, санитарлық  және өрт қауіпсізді талаптарына сай.

Керекті құрал жабдықтармен толықтай қамтылуда. Ғимарат алдындағы ақпараттық тақталармен, телефондар және компьютерлермен жасақтау, резервтік электр қондырғыларымен жабдықтау және автокөлікпен қамту атқарушы органдардың көмегімен жүзеге асуда. Осы жұмыстардың тиісті мекемелермен орындалуы жөнінде отырыстар өткізіліп, атқарылып жатырған жұмыстар назарға алынған.

Канцелярлық тауарлар , керекті құралдар  орталықтандырылған түрде алынып берілді. Ақпараттық стендтер барлық учаскелерге жасалып берілді. Мүгедектігі бар адамдардың тізімі аудандық әлеуметтік бөліммен салыстыра отырып нақтыланды. Оларға кедергісіз дауыс беруге толық мүмкіндіктер жасалынатын болады. Аудан орталығында тұрғындарды референдум учаскелеріне жеткізу үшін дауыс беру күні тегін жүретін қоғамдық маршруттар ұйымдастырылып, мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі  қарастырылатын болады.

f3579457-a409-4b98-89ec-5a51576f6e27

Ішкі істер бөлімі барлық комиссияларға полиция өкілдерін бөліп, әр учаскенің тәртіп мәселесі қадағалауда болады. Полиция өкілдері дауыс беретін орындарға тек учаскелік комиссия төрағасының шақырумен учаскеде де болу мүмкіндігі бар.

Референдумға дайындық жұмыстары тиянақты атқарылуда.

- Қысқаша қорытынды сөзіңіз

- Ел тарихында болатын елеулі оқиғаға жауапкершілікпен қарап, референдумға белсенді қатысу – әрбір азаматтың борышы. Өйткені бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Тұрғылықты жеріңіз бойынша құрылған учаскелерде 2026 жылғы 15 наурыз күні сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін референдумға қатысуға шақырамын.

- Қауырт жұмыс уақытына қарамай, уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға алғыс білдіремін.

Сұхбаттасқан: Сыйлыхан Жұмасалық,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале