25.02.2026, 13:00
Оқылды: 146

БҚО әкімі Жәнібек ауданындағы реновация тізіміндегі мектептің жағдайымен таныс болды

Облыс көлемінде 33 білім беру ұйымы реновациялау бағдарламасына енгізіліп, ағымдағы күрделі жөндеуден өткізілетін болды.

WhatsApp Image 2026-02-25 at 13.22.48

Аталған тізімге Жәнібек ауданынан екі бірдей білім ошағы – Ө. Сахипов атындағы мектеп пен №1 мектеп-лицейі енгізілді.

Жөндеуді қажет ететін білім беру нысанының қазіргі жағдайымен танысу мақсатында өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы арнайы барып, №1 мектеп-лицейі ғимараттарын аралап көрді.

Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы жауапты сала мамандарына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, алдағы жөндеу жұмыстарының сметалық құжаттамасына қажетті өзгерістер енгізуді, құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды.

Облыс әкімі өз сөзінде:

«Білім беру нысандары балалар үшін қауіпсіз, жылы әрі заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Жөндеу жұмыстары формалды түрде емес, сапалы әрі нәтижелі атқарылуы қажет. Әсіресе, жылыту жүйесіне ерекше назар аудару керек. Қыс мезгілінде мектептерде жылу мәселесі туындамауы тиіс. Барлық қажетті шығындар сметаға енгізіліп, жұмыс уақтылы әрі талапқа сай орындалсын», – деп атап өтті.

WhatsApp Image 2026-02-25 at 13.22.49

Жоспарланған жөндеу жұмыстары білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, оқушылар мен педагогтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

 

Арай Сейфолла,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале