25.02.2026, 17:15
Оқылды: 47

"Педагогикалық идеялар панорамасы - 2026" республикалық байқауы жарияланды

"ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының кезекті кезеңі басталды. Конкурсқа еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады", - деп хабарлайды ҚР оқу-ағарту министрлігі.

_gluster_2026_2_25_7525b7526333473565eec8d372b2e41d_1280x720

Фото: www.gov.kz

Байқау аймақтық және республикалық кезеңнен тұрады. Өңірлік кезеңде қатысушылар педагогикалық идеяның мазмұны мен өзектілігін жазбаша түрде негіздеп ұсынады. Әр педагог бір ғана бағыт бойынша бір жұмыс тапсыра алады. Жобалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қабылданады. Ұсынылатын материал бұрын жарияланбаған, өзге байқауларға ұсынылмаған әрі авторлық құқық талаптарын сақтай отырып әзірленген жеке әдістемелік идеяға негізделуі тиіс. Бейнематериал республикалық кезеңге өткен жұмыстар үшін ғана талап етіледі.

Байқау бағыттары:
1. Оқу сауаттылығы
2. Математикалық сауаттылық
3. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
4. Цифрлық сауаттылық
5. Экологиялық сауаттылық
6. Мәдениетаралық сауаттылық
7. Қаржылық сауаттылық
8. Жаһандық құзыреттер

Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu.edu.kz сайтында 2 наурыз-30 маусым аралығында қабылданады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале