Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей жастарға жан-жақты қолдау көрсету мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Сұранысқа ие болып отырған және жоғары білікті мамандардың тапшылығын азайту қажеттігін де атап өтті. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болатыны мәлім.

Бүгінде елімізде жастарды барлық салаларда қолдау саясаты жүзеге асырылып, «Дипломмен ауылға», «Алғашқы жұмыс орны», Президенттік жастар кадр резерві, өңірлік кадр резерві сынды бірқатар бағдарламалар еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып келеді.
Мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою мақсатында жаңа тәсілдер енгізіліп, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндері GPA 3,33-тен кем болмауы және уəкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша орналасу мүмкіндігі қарастырылған.
Бұл бастама мемлекеттік қызметке жас білікті мамандарды тартумен қатар, ауылдық, аудандық деңгейдегі кадр тапшылығын жоюына септігін тигізеді.
Сондай-ақ, Агенттіктің бастамасымен мемлекеттік секторға таланттарды іздеу және тарту бойынша «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебі 2018 жылдан өз жұмысын жалғастырып келеді.
Мектепке жоғары оқу орнынан кейінгі, жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері қабылданады. Қабылдау үшін өз таңдаған салалық бағыт бойынша эссе жазып, нәтижесіне сәйкес мектепке қабылданады.
Оқыту бағдарламасы мемлекеттік қызметке кіру үшін қажетті, атап айтсақ: стратегиялық ойлау, көшбасшылық, жауаптылық, бастамашылдық, парасаттылық, күйзеліске төзімділік өзін-өзі дамыту, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл сияқты құзыреттерді арттыру курстарына бағытталған.
Оқытудан кейін, жоғары курс студенттердің өндірістік практикасы аясында өздері таңдаған мемлекеттік органдарда тағылымдама ұйымдастырылады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті