27.02.2026, 10:30
Оқылды: 55

Аквамәдениетті дамытуға арналған ақпараттық жүйе 2027 жылдан бастап енгізіледі

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы саласын кезең-кезеңімен цифрландыруды жалғастыруда.

_gluster_2025_10_30_3b04b70cd92908ab3112d4804658f97e_1280x720

Фото: www.gov.kz

Өткен жылы балық және балық өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ететін "E-Fish" ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жүйе балық пен балық өнімдерінің заңды шығу тегін растайтын құжаттарды беруге қатысатын мемлекеттік органдардың ақпараттық қорларын өзара байланыстырады. Негізгі мақсаты — заңсыз өнім айналымының алдын алу.

Бүгінгі күні "E-Fish" жүйесінде балық шаруашылығы және аквамәдениет саласындағы 1196 субъект тіркелген. Бұл олардың жалпы санының 95 пайыздан астамын құрайды.

Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесін "E-Fish" жүйесімен ықпалдастыру нәтижесінде белгіленген аулау квоталары мен балық өсіру көлемдері асқан жағдайда ветеринариялық құжаттарды рәсімдеуге тосқауыл қойылды. Жүйені енгізудің арқасында балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы 2 мың тоннаға қысқарды.

"Аквамәдениет туралы" Заңды іске асыру аясында 2027 жылдан бастап аквамәдениетті дамытуға арналған ақпараттық жүйені енгізу көзделген. Оны қолданыстағы "E-Fish" жүйесінің негізінде "Аквамәдениет" атты жеке бөлім құру арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Аквамәдениетті дамытуға арналған ақпараттық жүйені жүргізу қағидаларының жобасы әзірленіп, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Әділет министрлігімен келісілді.

Жаңа жүйе аквамәдениеттің дамуын бақылау мен талдауды қамтамасыз етеді, сала субъектілерінің тізілімін қалыптастырып, жүргізеді, сондай-ақ қажетті деректерді жинау және өңдеу мүмкіндігімен аквамәдениет нысандарын есепке алуды, қадағалауды жүзеге асырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале