26.02.2026, 16:45
Оқылды: 36

Тасқала ауданы: Жолда кітаппен бірге!

 «Кітап – оқитын ұлт» жобасы аясындағы Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасынан бастау алған «Жолда кітаппен бірге» атты буккроссинг  Тасқала ауданында  ұйымдастырылып, жалғасын тапты. Рухани жоба қоғамдық көлікте кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың  кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру,  бос уақыттарын тиімді пайдалану,  жолаушылардың кітапты сапарда серік  қылып, еркін кітап алмасып, жол үстінде кітап оқуына мүмкіндік жасау, оқитын ұлт, оқуға құштар қоғам қалыптастыруға бағытталған.

7

 Шара барысында Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжанұлы сөз алып, кітапхана қолға алған  игі бастамаға қолдау білдіріп,  жолаушылардың сапарына сәттілік тіледі.

4 (1)

Рухани байлықты насихаттаудағы игі бастаманың ашылу салтанатында кітапханашылар Тасқала – Орал бағытына қатынайтын қоғамдық көліктегі жолаушылармен  жүздесіп, кітаптар табыстап, кітап көрмесімен таныстырды. Жолаушылардың қоғамдық көліктерде  кітап оқуына мүмкіндік жасап, олардың уақыттарын тиімді өткізуіне ықпал етіп, кітап оқуға шақырды.  Қоғамдық көлікке орнатылған кітап сөресі – жолаушылардың кітаппен кемелденіп, телефонға телмірмей, уақыттарын тиімді пайдаланып,  рухани баюына септігін тигізері сөзсіз.  Жолаушылар қатарындағы ауыл тұғыны Гүләйім Орынғалиқызы  осы жобаны қолдап, жолда кітап оқуды тиімді ұйымдастырған кітапханашы мамандарға алғысын білдірді. Ардагер ұстаз сапарға шыққан әрбір адам кітап оқып, рухани тұрғыдан дамып отыруды дәстүрге айналдырса болашақ ұрпағымыз да соған қарап бой түземек деді өз пікірін білдірді.

10 (1)

Сөредегі әрбір кітап өз оқырманын тауып, рухани серік бола білсе  - кітапхана ұжымы үшін үлкен қуаныш. Бұл рухани бастама  -  оқуға құштар қоғам қалыптастыратын, озық ойлы оқырмандар қатарын арттырып, кітап оқуды насихаттайтын маңызды қадам. Әр сапар жолаушыларға  жаңа ой салып, жаңа әсер қалдырып, рухани әлемін кеңейтсін! Кітаппен кемелденіп, рухани бай болайық!

                                                                             Анаргүл Өтеуғалиқызы,

                                                                          Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале