26.02.2026, 23:00
Оқылды: 11

Бостандық ауылдық округіндегі «Рүстем» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігі

Казталов ауданы, Бостандық ауылдық округіне қарасты Жаңабаз қыстағында орналасқан «Рүстем» шаруа қожалығы – өңірдегі іргелі шаруашылықтардың бірі. Бүгінде қожалық жұмысын Тілекқабыл Есетовтің туған іні-келіні жүргізіп отыр.

image-26-02-26-06-51-2

Шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысу барысында мал басының өсімі мен жағдайының тұрақты екеніне көз жеткіздік. Қожалықта жалпы саны 100 ге тарта ірі қара бар. Оның 50 пайызы – ақбас асыл тұқымды сиырлар. Бұл – ет бағытындағы өнімділігі жоғары, жергілікті климатқа төзімді тұқым. Және онымен қоса жылқы, қой малдары да бар.

image-26-02-26-06-51-3

Қожалық жетекшісінің айтуынша, қазіргі уақытта мал шығыны жоқ. Төлдеу науқаны басталып, шаруашылық үшін жауапты кезең жүріп жатыр. Мал күтімі мен жем-шөбі уақытылы ұйымдастырылған.

image-26-02-26-06-51-5

«Рүстем» шаруа қожалығы тек кәсіппен шектелмей, әлеуметтік жауапкершілікті де назардан тыс қалдырмай келеді. Қайырымдылық ретінде Қаракөл мен Бостандық ауылдарының арасындағы жолды қыс мезгілінде өз техникасымен қардан тазартып, тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасап отыр.

image-26-02-26-06-51-1

Ауыл экономикасының дамуына үлес қосып отырған мұндай шаруашылықтар – ел тірегінің негізі екені сөзсіз.

Ернәсіл Рысқалиев
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале