27.02.2026, 16:45
Оқылды: 9

Бөкей ордасы ауданында референдумалды даярлық пысықталды

Бүгін облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әділ Жоламановтың қатысуымен аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен актив жиыны өтті. 

IMG_20260226_101233
Жиын күн тәртібіндегі бірден бір мәселе - референдумға дайындық жайы. Алдымен аудандық аумақтық референдум комиссиясының басшысы Бекбол Жұмабекұлы,  аудан әкімі аппаратының басшысы Асқар Ажығалиев сөз алып, аудан бойынша референдумға дайындық барысынан хабарлама жасады.

IMG_20260226_101345
Аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Дәурен Сертеков қауіпсіздік мәселесі бойынша мәлімдемеді.

IMG_20260226_101330
- Қауіпсіздік талаптарына сай бюллетень сақталатын орынның терезесінде темір тор, темір есік болуы керек. Бәрін бір күнде темір тор, темір есікпен  жабдықтау мүмкін болмас. Сол себепті қаржы қарастырып, біртіндеп қолға алғанымыз дұрыс болар еді, - деген ойын айтты.

IMG_20260226_101313

Жиын барысында дауыс берушілер тізімі, референдум өтетін орынның жабдықталуына бастап, колл-орталық, байланыс телефондарының дайындығына дейін пысықталды.

IMG_20260226_101303

Облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов:
- Сайлаудан референдумның басты ерекшелігі - дауыстың санында, яғни, сайлаушылардың белсенділігінде. Халық референдумның маңызын, өз дауысының маңызын білуі, ұғынуы  керек. Қыстақтағы ағайынның қатысуы назардан тыс қалып қоймауы қажет. Өйткені, әр азаматтың дауысы маңызды, -деп сөз соңында аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жайлы орын беріп, жағдайын жасағаны үшін жергілікті басшылыққа алғысын білдірді.

IMG_20260226_101356
Айта кетелік,  облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов, комиссия мүшесі Асыланбек Ғұбашев аудандық аумақтық референдум комиссиясы, учаскелік  комиссиясы мүшелерімен кездесіп, саяси науқанға қатысты іс-шаралар жоспарын да бір пысықтап алды.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале