Шыңғырлау ауданына қарасты Ақшат ауылында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Арман Өтеғұлов қатысуымен жаңа Конституция жобасын ақпараттық-түсіндіруге бағытталған кездесу өтті.

Жиынды Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Айбек Исламбек жүргізді. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, ауыл тұрғындары, ұстаздар, медицина қызметкерлері, жұмысшылар мен жастар қатысты.

Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердіңмаңызы, олардың Әділетті Қазақстан құрудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ел тәуелсіздігі мен жер тұтастығын нығайту бағытындағы мәнікеңінен түсіндірілді.
Жиында тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарынқойып, ұсыныстарын жеткізді. Ашық форматта өткенкездесу қоғам мен билік арасындағы диалогтың нақты көрінісіне айналды.
Айта кетейік, Конституция жобасы бойынша түпкіліктішешім 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумда қабылданады.

Еліміздің болашағына бейжай қарамай, маңызды саясинауқанда белсенділік таныту – әр азаматтың ортақ міндеті!
Аманат партиясы,
Шыңғырлау ауданы