1.03.2026, 22:20
Оқылды: 3

Казталовта «Жүректен жүрекке» поэтикалық кеші өтті

С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығында 1 наурыз күні «Жүректен жүрекке» атты поэтикалық кеш өтті. Рухани мазмұнға толы бұл шара көрерменге ерекше әсер сыйлап, жүректерге жылулық ұялатты.

image-01-03-26-10-11-9

Кеш барысында «Жас-Art» театрының қыздары сахна төрінде аналарына деген алғыстарын хат арқылы жеткізіп, оны әсерлі әрі шебер орындады. Ананың мейірімі мен бала жүрегіндегі шексіз ризашылық көркем сөзбен өріліп, көрермен көңілін толқытты.

Сахнада ән шырқалып, жүрекке жетер өлеңдер оқылды. Әрбір шығармадан ананы қадірлеу, алғыс айту, мейірім мен сүйіспеншілік тақырыптары айқын сезілді.

image-01-03-26-10-11-2

Сонымен қатар кеш аясында «Ашық микрофон» айдары ұйымдастырылып, көрермендер де өз өнерлерін ортаға салды. Жыр оқып, ән айтып, жүрек түкпіріндегі сезімдерін жеткізген қатысушылар кештің мазмұнын байыта түсті.

image-01-03-26-10-11-3

«Жүректен жүрекке» поэтикалық кеші – адам жанына рухани демеу беріп, алғыс пен құрметтің қадірін ұғындырған тағылымды шара болды.

image-01-03-26-10-11-7

image-01-03-26-10-11-6


Ернәсіл Рысқалиев

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале