2.03.2026, 15:00
Оқылды: 13

Теректіде денсаулық спартакиадасы өтті

Теректі ауданы, Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай кәсіподақ қызметкерлері арасында аудандық X «Денсаулық» спартакиадасы өтті.

644393494_3222602491254956_5135921521549244588_n

Ашылу салтанатына Теректі ауданы әкімінің орынбасары Темірболат Сағынгереев пен спорт ардагері Берік Нигметов қатысып, ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, жарысқа сәттілік тіледі.

Дәстүрлі додаға аудан бойынша 15 командадан 180-ге жуық қызметкер қатысты. Спартакиадаға №1 Федоров ЖОББМ, Федоровка ЖОББМ, Покатилов ЖОББМ, Новопавлов ЖОББМ, Ұзынкөл ЖОББМ, Госплемстанция ЖОББМ, Социализм НБМ, Чапаев ЖОББМ, Долинск ЖОББМ, Шөптікөл НБМ, Приречный ЖОББМ, Богданов НБМ, Жайық НМ, Подстепный ЖОББМ, Шаған ЖОББМ, Магистральный ЖОББМ, Пойма ЖОББМ, АББ, саз мектебі, ТжЭО, №1 Подстепный ЖОББМ, Аңқаты ЖОББМ, Талпын НБМ, БШҮ, Ақжайық ЖОББМ, Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ, Абай атындағы Еңбек НБМ, Восход НБМ және №2 Подстепный ЖОББМ командалары бақ сынады.

645420686_3222602501254955_6068512595262903600_n

Жарыс спорттың үш түрі бойынша ұйымдастырылды: волейбол, үстел теннисі және садақ ату. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

 

Темірболат Тоқмамбетов,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале