2.03.2026, 18:00
Оқылды: 9

Теректіде волейболдан аудандық ашық турнир өтті  

 

Теректі ауданы, Жаңа Өмір спорт кешенінің ашылуына орай ерлер командалары арасында волейболдан «Zhana Omir Cup» аудандық ашық турнирі өтті.

643796675_3222408431274362_4775661255924999466_n

Салтанатты шараға Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысып, жарысқа жиналған спортшыларға сәттілік тілеп, ел спортының дамуына қосып жүрген үлестері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар спорт ардагері Алтымбек Ермухамбетов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілегін арнады.

643877414_3222408434607695_3880546919123358669_n

Турнирге барлығы 11 команда қатысты. Атап айтқанда, Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Тасқала, Қаратөбе, Теректі аудандарынан және Орал қаласының «Асау» командасы, сондай-ақ Жаңа Өмір, Шағатай, Серебряков және Теректі ауылдық округтерінің спортшылары бақ сынады.

643823005_3222408451274360_2510780251749154941_n

Тартысты да қызықты өткен ойындар нәтижесінде жеңімпаздар шағандық жастардың демеушілігімен марапатталды.

Жекелей номинациялар бойынша:

  • Үздік ойыншы – Сатканов Жігер (Бәйтерек ауданы)
  • Үздік қорғаушы – Утегенов Алишер (Бөрлі ауданы)
  • Үздік байланыстырушы – Нұғман Нұржігіт (Серебряково ауылы)
  • Үздік тосқауылшы – Төлешов Қайрат (Қаратөбе ауданы)
  • Үздік шабуылшы – Гайнеденов Нұрбол (Жаңаөмір ауылы)

641207812_3222408557941016_2931514626096376735_n

Командалық есеп бойынша:

I орын – Теректі ауданы

II орын – Бәйтерек ауданы

III орын – Бөрлі ауданы

Аудандық ашық турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спортшылардың шеберлігі мен командалық бірлігін айқындаған айтулы спорттық шараға айналды.

 

Майра Нұрымжанқызы,

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале