3.03.2026, 15:45
Оқылды: 19

БҚО бойынша ҚАЖД-да FSM Social платформасын пайдалану бойынша оқыту семинары өтті

БҚО бойынша ҚАЖД-да FSM Social платформасын пайдалану бойынша оқыту семинары өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

9433cba0-b742-4bc3-82bd-8c2dc597b538

Сурет: polisia.kz

28 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығында" орталық басшысы Г. Булекованың бастамасымен оқыту семинары ұйымдастырылды. Іс-шараға №1 Бәйтерек аудандық пробация қызметінің инспекторлары және Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі инспекторлары қатысты. Семинар барысында қатысушыларға FSM Social цифрлық платформасын пайдалану тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда әлеуметтік қолдау шараларын тіркеу, азаматтардың деректерін енгізу, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен, сондай-ақ өзге де құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау тетіктері практикалық түрде көрсетілді. Платформа сотталғандардың проблемалары мен қажеттіліктері туралы ақпаратты жинақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар медиа файлдарды жүктеу, геолокацияны белгілеу, жауапты ведомство қызметкерлеріне тапсырмалар жолдау, олардың орындалуын бақылау және статистикалық есеп жүргізу функциялары қарастырылған. Айта кету керек, 2025 жылы Батыс Қазақстан облысында FSM Social цифрлық платформасы енгізілді. Аталған қосымша арқылы №1 Бәйтерек аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға психологиялық, әлеуметтік және медициналық көмек көрсетіліп, оларды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша қолдау ұйымдастырылуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале