Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, табиғи газдың ресурстық әлеуетін арттыру мақсатында Энергетика министрлігі «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп кешенді геологиялық барлау бағдарламасын іске асыруда. Бағдарлама саланың шикізаттық базасын нығайтып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
