4.03.2026, 15:45
Оқылды: 17

Сырым ауданында жанармай құю бекеті ашылды

Бүгін Сырым ауданында “Gaz Energy” жанармай құю бекетінің салтанатты түрде ашылды. Жаңа нысан тоғыз жолдың торабы Самара - Шымкент автодәлізінің бойында орналасқан. 

PHOTO-2026-03-04-12-31-46

Аудан тұрғындары мен жол бойындағы көлік жүргізушілеріне сапалы қызмет көрсетуді мақсат ететін жанармай бекеті - “Бұлан” шаруа қожалығының кезекті жобасы. Бұған дейін өзін ауылшаруашылығы саласы бойынша ауданда алдыңғы қатарлы ұйым ретінде орнықтырған қожалық Жымпитының кіреберісінен “Alan Tir Parking” автокешенін іске қосқан. Жолаушыларға арналған коллекцияға енді жанармай бекеті қосылды.

PHOTO-2026-03-04-12-31-45

Салтанатты шараға Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов және Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысы Нұржан Өтепбаев қатысып, кәсіп иелеріне құттықтау лебізін білдірді. Олар өз сөздерінде өңірде кәсіпкерліктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, жаңа жобаның өңір экономикасына серпін беретінін жеткізді.

PHOTO-2026-03-04-12-31-48 (1)

Жобаның жалпы құны 400 млн теңгені құрайды. Оның ішінде Halyk Bank тарапынан 300 млн теңге көлемінде несие қаражаты бөлінсе, 100 млн теңге жеке инвестиция ретінде салынған. Жобаны жүзеге асыруда Petro Retail ЖШС және “Бұлан” шаруа қожалығы серіктес болған.

PHOTO-2026-03-04-12-31-48

Жаңа жанар-жағармай құю бекетінің лентасын Нұржан Сапаргелдіұлы мен “Бұлан” шаруа қожалығының жетекшісі Махамбет Мұратұлы қиды.

PHOTO-2026-03-04-12-31-47

Заманауи талаптарға сай салынған бекетте сапалы жанармай түрлері ұсынылып, жүргізушілерге қолайлы жағдай жасалған. Жаңа нысан аудан инфрақұрылымын дамытуға үлес қосып қана қоймай, қосымша жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беріп отыр.

 

Қоңдыкер Елеуов,

Сырым ауданы

PHOTO-2026-03-04-12-31-47 (1)

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале