5.03.2026, 0:00
Оқылды: 7

Казталовта «Қаламгерге құрмет» атты әдеби-танымдық кеш өтті

Дүниежүзілік жазушылар күніне орай ұйымдастырылған «Қаламгерге құрмет» атты әдеби-танымдық кеш рухани мазмұнға толы тағылымды шара өтті. Кітапсүйер қауымның басын қосқан кештің басты мақсаты – сөз өнерінің қадірін ұлықтау, қаламгерлер еңбегін дәріптеу және жас буынның әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

image-04-03-26-11-25-1

Шара барысында қазақ және әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығы кеңінен насихатталды. Қатысушылар әдебиет әлеміне саяхат жасап, сөз құдіретінің терең мәнін ұғынды.

«Жазушыға хат» шығармашылық бөлімінде қатысушылар өздерінің сүйікті қаламгерлеріне арнаған жүрекжарды хаттарын оқыды. Әр хаттан шынайылық пен әдебиетке деген құрмет айқын сезілді. Үздік деп танылған жұмыстар көпшілік назарына ұсынылып, авторлар арнайы марапатталды.

Kahoot интеллектуалдық ойыны кештің көрігін қыздырды. Қатысушылар әдебиетке қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен зеректіктерін сынады. Сұрақ-жауап айдары да көрермендердің белсенді қатысуымен өтті.

Кеш барысында «Болашақ қаламгер» номинациясы табысталып, ерекше шығармашылық қабілетімен көзге түскен қатысушыларға алғысхаттар мен арнайы сыйлықтар берілді.

image-04-03-26-11-25

«Қаламгерге құрмет» кеші – тек әдеби шара ғана емес, руханиятқа деген құрметтің көрінісі болды. Бұл басқосу өскелең ұрпақтың кітапқа, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, шығармашылыққа шабыт берген тағылымды кездесу ретінде есте қалды.

Ернәсіл Рысқалиев

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале