5.03.2026, 16:15
Оқылды: 12

Бөрлі колледжінде «Алау» - жас сарбаздар жарысы өтті

Бөрлі колледжінде жыл сайынғы дәстүрлі «Алау» әскери-патриоттық ойыны өтті. Бұл шара Ауғанстан аумағынан Кеңес әскерлерінің шығуына орай ұйымдастырылып, биыл 37 жылдық мерейтойын атап отыр. Мақсаты – жас ұрпақты патриоттық рухқа баулу, ер жігіттің бойына батылдық, жауапкершілік және Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру. Ойынға Бөрлі ауылдық округіндегі мектеп оқушылары мен колледждің 1-4 курс студенттері қатысты. Бағдарламаға Калашников автоматын бөлшектеу және жинақтау, әскери қорғаныс жинақталымын уақытқа кию, пневматикалық винтовкадан ату, командалық эстафета және зияткерлік сайыс сияқты тартымды жарыстар кірді.

Репортаж Алау (2)

«Мұндай ойындар жас ұрпақты әскери-патриоттық рухқа баулып қана қоймай, олардың командалық рухын, ұйымшылдығын шынықтырады», – деді Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамының төрағасы Марат Ерғалиев. Төрешілік қызметті аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, аға лейтенант  Арман Калиев атқарды.

Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындардың барлығында Бөрлі колледжінің командалары жеңіп алды. Сондай-ақ  Бөрлі ЖОББМ командасының жетекшісі Вячеслав Зубковқа және Бөрлі №1 ЖОББМ командасының жетекшісі Серік Қалимоллаға алғысхаттар табысталды.

«Осындай шаралар жастарға, әсіресе ер балаларға, батылдық, ұйымшылдық, өз Отанын қорғауға дайындық қасиеттерін үйретеді», – дейді Бөрлі колледжінің «Жас Сарбаз» клуб жетекшісі, АӘжТД оқытушысы Нұрғали Есенғұлов.

Репортаж Алау (3)

«Алау» әскери-патриоттық ойыны – тек жарыс емес, ұлттық рухты, ерлікті және жауапкершілікті тәрбиелейтін маңызды дәстүрлі іс-шара. Білім беру жүйесі мен қоғамдық ұйымдардың үйлесімді жұмысы арқылы жастарға патриоттық тәрбие берудің басты құралы болып отыр.

 

Айжарық Нұр

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале