6.03.2026, 10:00
Оқылды: 279

Алтын құрсақты ана – Ұлттық ұлан сапында

Әйел – тіршіліктің тірегі, шаңырақтың шуағы, қоғамның айнасы. Ал әскери салада қызмет атқарып жүрген аналардың жауапкершілігі тіптен зор. Олар бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен ел тыныштығын күзетеді.

IMG-20260306-WA0002

Осындай қайсар аналардың бірі – Ақтау қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінде қызмет атқарып жүрген сержант Гүлшат Айтжанова.
Сержант Айтжанова Гүлшат Халыбайқызы – жеті баланың анасы. Ол аналық мейірім мен әскери тәртіпті қатар ұштастырып жүрген жан. Бүгінде ол Ақтау қаласындағы 6656 әскери бөлімнің медицина қызметінде еңбек етеді. Оның негізгі міндеті – әскери қызметшілердің денсаулығын бақылап, қажет болған жағдайда уақытылы медициналық көмек көрсету.

IMG-20260306-WA0003

Көпбалалы ана әскери қызмет пен отбасылық міндетті қатар алып жүру оңай емес екенін жасырмайды.
— Әрине, жеті баланы тәрбиелеу де, әскери қызмет атқару да оңай шаруа емес. Бірақ адам өз ісін жақсы көрсе, бәріне де үлгереді. Балаларыма үнемі Отанды сүюді, еңбекқор болуды үйретемін. Себебі елге қызмет ету – үлкен мәртебе, — дейді ол.
Сержант Гүлшат Айтжанова үшін отбасы – басты құндылық. Қызметтен бос уақытын ол балаларына арнайды. Оның айтуынша, бала тәрбиесі – ең үлкен жауапкершілік әрі өмірдегі басты міндеттердің бірі.

IMG-20260306-WA0000

— Балаларым – менің ең үлкен байлығым. Олар менің қызметімді түсінеді, әрдайым қолдау көрсетеді. Солардың жарқын болашағы үшін еңбек етіп жүрміз, — дейді көпбалалы ана.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік
қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале