7.03.2026, 11:00
Оқылды: 8

Аналардың еңбегі – қоғамның асыл қазынасы

Казталов ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев қоғамдық бірлестік жетекшілері мен қоғамдық ұйым төрайымдарын қабылдады.

image-06-03-26-06-07-1

- Сіздерді көктемнің шұғылалы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Нәзік жанды аруларымыздың жүректеріне жан жылуын сыйлайтын көктем мерекесінің орны біз үшін әрдайым ерекше, мәртебесі қашанда биік. Құт қонған Казталов өңірі алтын құрсақты аналардың батырлар мен алыптарды дүниеге әкелген қасиетті мекен. Қоғамның әр саласында нәзік жанды азаматшаларымыз ер азаматтармен бірдей иық тіресіп, нәтижелі еңбек етуде.

Кез келген ел өнерімен, мәдениетімен бағаланып, сараланады десек, жергілікті жерде бұл игі іске жауқазын жастармен қатар, үлкендер де, соның ішінде ақ жаулықты аналар, әжелер де лайықты үлесін қосып жүр. Әжелер өнері, әжелер мектебі, олардың өнегесі – бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін табылмас тәрбие құралы.

Қазақ халқының қолөнерін, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын насихаттап, тұрғындарды сәндік қолданбалы шығармашылыққа баулу арқылы қазақ халқының қолөнер дәстүрлерін қайта жаңғырту жолындағы еңбегіңіз еселене берсін.

Сізді көктем мерекесімен шын ықыласыммен құттықтай отыра, мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін. Отбасыңыз аман, әрбір игі істеріңіз берекелі болсын! Мереке құтты болсын!, - деді аудан әкімінің орынбасары.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы ақжаулықты аналарға ізгі тілегін білдіріп, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыстады.

Қабылдауда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов және еңбек ардагері Мұқанғали Бектілеуов мерекелік құттықтауларын жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді.

image-06-03-26-06-07

Өз кезегінде аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күнсұлу Шакенаева, «Тоғжан» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алтын Ақбаева, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Рая Супыгалиева және Жалпақтал ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Сапахова көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдірді.

Гүлнұр Бөлешова

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале