Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев түрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдер қауымымен кездесіп, оларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.

Кездесу барысында аудан басшысы әйелдердің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың ел дамуына қосып отырған зор үлесіне алғысын білдірді. Сонымен қатар, әйел-аналардың отбасының ұйытқысы, қоғамның берекесі мен тірегі екеніне ерекше тоқталды.

– Әйелдер қауымы – мейірімділік пен ізгіліктің символы. Сіздер тек отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның бірлігі мен берекесінің негізісіздер. Әртүрлі салада аянбай еңбек етіп, ауданымыздың дамуына елеулі үлес қосып келесіздер. Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, құрметке бөлене берсін, – деді аудан әкімі.

Мерекелік жиын барысында түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар әйелдерге аудан әкімінің алғысхаты мен естелік сыйлықтары табысталды.

Шара соңында аудан өнерпаздары мерекелік концерттік бағдарлама ұсынып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Нұрғали Төлегенов,
Шыңғырлау ауданы