Батыс Қазақстан облыстық коалицияның тең төрағасы Бауыржан Атауов пен облыстық коалиция мүшесі Есқайыр Елемесов Бөкей ордасы ауданы тұрғындарымен, соның ішінде білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың ел дамуына, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Жиын барысында білім саласы қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан көтерілген мәселелерге нақты жауаптар берілді.

Арайлым Есмағұлова
Суретке түсірген автор