7.03.2026, 14:30
Оқылды: 17

Ғылымдағы нәзік жандарға құрмет

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Ғылым және технологияларды коммерцияландыру департаментінің директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Индира Салтанқызы 8 наурыз мерекесі қарсаңында Алматыдағы Ғылым ордасында өткен салтанатты жиында академик Найля Базанова атындағы марапатқа ие болды.

f940a861-b4e3-427c-8c1d-a6513c2a680f

Ғылымдағы әйелдерге құрмет көрсетілген жиынды ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырды. Аталған марапат ғылымдағы әйелдердің еңбегін насихаттап, отандық ғылымның дамуына жаңа серпін бермек.
Еске сала кетсек, Н. Базанова — Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш әйел академик. Ол ауыл шаруашылығы жануарлары физиологиясы ғылымының негізін қалаушылардың бірі. Ғылым ірі қара малдың ас қорыту ерекшеліктерін зерттеп, жануарлар физиологиясы саласының дамуына зор үлес қосты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале