8.03.2026, 16:30
Оқылды: 17

Бөкей ордасы ауданы әкімі ардақты аналарды арнайы үйлеріне барып құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Нұрлыбек Даумов және Сайқын ауылдық округ әкімі Шыңғыс Абдоллин ауылының ардақты аналары мен аяулы азаматшаларын арнайы үйлеріне барып құттықтады.

IMG-20260306-WA0084
Мереке қарсаңында аудан басшысы қоғамның дамуына өз үлесін қосып, отбасының берекесін келтіріп отырған нәзік жандыларға ізгі тілегін жеткізді.
Нұрлыбек Жасқайратұлы ана-апаларымыз Қалампыр Айтжанова, Сәния Нұралиева және Айман Ромашеваның шаңырақтарына арнайы барып, гүл шоқтарын табыстап, алғысы мен құттықтау сөздерін жеткізді.

IMG-20260306-WA0082
Өз кезегінде аудан әкімі әйелдердің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың еңбегі мен отбасы тәрбиесіндегі рөлі әрдайым жоғары бағаланатынын айтты.

IMG-20260306-WA0081
Сонымен қатар, ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген жандарға ризашылығын білдіріп, зор денсаулық, отбасы амандығы мен толағай табыс тіледі.

Еркебұлан Бисенғалиев

Бөкей ордасы ауданы
Суретке түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале