9.03.2026, 23:24
Оқылды: 3

«Қаладан ауылға»: Сарықұдық ауылында 7 отбасы баспаналы болды

Бүгін Сарықұдық елді мекенінде «Қаладан-ауылға» бағдарламасы аясында Әбіш, Беспішен, Жас, Сарықұдық, Сатыбалды, Қайшақұдық елді мекендеріне көшіп келген 7 отбасыға жаңа баспаналардың кілтін табыстау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов қатысты.

FB_IMG_1773066896835

Өңір басшысы Нариман Төреғалиұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан өңірлік бағдарлама ауданымызда қарқынды жүзеге асырылуда. Бүгін ауданымыздың елді мекендеріне 7 отбасы, 42 адам, оның ішінде 28 бала көшіп келді.

— Облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қаладан – ауылға» жобасы ауылдардың әлеуетін арттыруға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған игі бастамалардың бірі. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауылдық аумақтарды дамыту, елді мекендердің өміршеңдігін сақтап, ауылдағы тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларының нақты көрінісі. Аталған бағдарлама аясында ауданымызға соңғы жылдары бірнеше отбасы қоныс аударып, ауыл өміріне жаңаша серпін беріп отыр. Бұл ауылымыздың болашағына деген сенімнің артып келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш. Ең бастысы, қоныс аударған отбасылардың арасында мектеп жасындағы балалардың саны көбейіп, білім беру ұйымдарының жұмысына тың серпін беруде. Өздеріңізге белгілі, ауылдағы мектеп тек білім ордасы ғана емес, ол ауылдың тіршілігінің, рухани өмірінің жүрегі іспетті. Егер ауылда бала болса мектеп жұмыс істейді, мектеп болса ауылдың болашағы бар. Сондықтан елді мекендеріміздегі мектептер мен әлеуметтік нысандарды сақтап қалу, олардың жұмысын тоқтатпау біздің басты міндетіміздің бірі, — деген аудан әкімі бағдарлама қатысушыларына жаңа тұрғын үйлердің кілтін табыстады.

FB_IMG_1773066886813

Аудан әкімі өз сөзінде елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырулар мен реформалардың маңыздылығына тоқталып, Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумның мемлекет дамуы мен қоғамның болашағы үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл маңызды саяси науқан елдің тұрақты дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын жеткізді. Ал баспана иелері өз кезегінде қоныс тойының қуанышымен бөлісіп, көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдірді.

FB_IMG_1773066890244

— Біз отбасымызбен Орал қаласынан осы бағдарлама арқылы көшіп келдік. 12 жыл бойы қалада пәтер жалдап тұрдық. «Қаладан – ауылға» жобасы – ауыл өміріне жаңа мүмкіндік беретін өте маңызды бастама деп есептеймін. Бүгін жаңа баспананың кілтін алып, ерекше қуанышқа бөленіп отырмыз. Ауылдың табиғаты таза, тыныш әрі балаларды тәрбиелеуге қолайлы орта қалыптасқан. Ең бастысы – мемлекет тарапынан осындай қолдау көрсетіліп жатқаны бізге үлкен сенім береді. Осындай игі бастаманы жүзеге асырып отырған облыс және аудан басшылығына алғысымызды білдіреміз, — деді Орал қаласынан Беспішен ауылына көшіп келген Ықылас Хайыров.

FB_IMG_1773066900208

Жалпы бағдарлама аясында 2024-2025 жылдары ауданымызға 40 отбасы көшіп келген. Оның ішінде 209 адам болса, 131-і бала.

Асылбек Нәсіпқали

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале