10.03.2026, 12:00
Оқылды: 37

Премьер-министр ЖИ модулін іске қосуды және саланы цифрландыруды жеделдетуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметінің отырысында құрылыс саласын цифрландыруды жеделдету және қала құрылысын жоспарлауда заманауи цифрлық шешімдерді енгізу қажеттігін атап өтті. 

5296343139180287375

Заңнаманы жаңартумен қатар заманауи цифрлық жүйелерге көшу жүзеге асырылуда.

Бірыңғай құрылыс порталы саладағы ашықтықты арттырып, әртүрлі жүйелерді “бір терезе” қағидаты бойынша біріктіруге және артық бюрократия мен мерзімдерді қысқартуға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіп және құрылыс, Жасанды интеллект министрліктеріне биылғы шілде айының соңына дейін жобаларды сараптау бойынша жасанды интеллект модульдерінің пилоттық режимдегі жұмысын қамтамасыз етуді тапсырамын, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарларды Қала құрылысы кадастрына көшіруді жалғастыру қажет. Саланы цифрландыру бойынша барлық жоспарларды тездету керек. Артта қалған Маңғыстау, Қызылорда, Абай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан өңірлеріне ерекше назар аудару қажет.
Облыс әкімдіктеріне 1 маусымға дейін құжаттарды пысықтап, оларды цифрлық форматқа жүктеу жұмыстарын аяқтау тапсырылды.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале