11.03.2026, 14:30
Оқылды: 14

Қандай аудан орталықтарында қарттар үйі бар?  

 

Senior woman sitting in armchair at home with legs covered by blanket. Close up of hands, unrecognizable person.

Сурет: istockphoto.com

Құрметті редакция!

Мен облыстағы қарттар үйі туралы білгім келеді. Білуімше, қаламызда бір қарттар үйі бар. Бір досымнан ондай орталықтардың аудандарда да бар екенін естідім. Расымен, солай ма? Егер рас болса, қай аудандарда орналасқанын, қанша қария мекендейтінін және олардың қанша пайызы қазақ екенін білгім келеді.

Бақтыбай  Ізтұрғанов,

Орал қаласы

 WhatsApp Image 2026-03-11 at 13.04.58

Зияда Мусина, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді үйлестіру бөлімінің  басшысы:

– Облыс аумағында қарттар мен І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін төрт орталық жұмыс істейді. Олар Бөрлі, Тасқала, Бәйтерек аудандарында және Орал қаласында  орналасқан.

Қарттар мен І, ІІ топ мүгедектеріне арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, психологиялық, еңбек, медициналық, экономикалық,  құқықтық  қызметтер  көрсетіледі.

2026 жылдың 2 наурыз жағдайына сәйкес, аталған 4  орталықта  350  адам  қызмет  алуда. Атап  айтқанда:

  • Бөрлі АӘҚКО – 49 адам;
  • Тасқала АӘҚКО – 30 адам;
  • Бәйтерек АӘҚКО – 22 адам;
  • Орал АӘҚКО – 249 адам.

Олардың ішінде қазақ ұлтының өкілдері 159 адамды, яғни  45%-ды  құрайды, – дейді  Зияда Мәлікқызы.

Басқарма мәліметі бойынша, орталықтардың негізгі мақсаты – азаматтардың өмір сапасын арттыру, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделуін  қамтамасыз  ету.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале