11.03.2026, 23:30
Оқылды: 8

Казталовта қаламы қарымды редакторға құрмет көрсетілді

Бүгін Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев «Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Казталов аудандық филиалы – «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси редакциясының директор-редакторы қызметін атқарған Қайрат Жақыповты басқа қызметке ауысуына байланысты қабылдап, құрметпен шығарып салды.

image-11-03-26-09-49

Қайрат Есімғалиұлы еңбек жолын 2014 жылы «Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Казталов аудандық филиалында дизайнер болып бастап, кейіннен редакция жұмысына белсене араласып, жауапты қызметтер атқарды. Өзінің еңбекқорлығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси редакциясының директор-редакторы лауазымына дейін көтеріліп, бұл қызметті абыроймен атқарып келді. Осы жылдар ішінде ол ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірін кеңінен насихаттап, жергілікті баспасөздің дамуына өзіндік үлесін қосты.

Қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев Қайрат Есімғалиұлына аудан өмірін ақпараттандыру жолындағы адал еңбегі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыс етті. Сонымен қатар «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Дархан Оразовтың атынан Алғысхат тапсырылды.

photo-output

Кездесу барысында еңбек ардагері Мұқанғали Бектілеуов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова және «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси редакциясының тілшісі Гүлнұр Бөлешова сөз алып, Қайрат Жақыповқа алдағы қызмет жолында табыс, жаңа белестер мен сәттілік тіледі.

Өз кезегінде сөз алған Қайрат Есімғалиұлы қызмет атқарған жылдары қолдау білдіріп, сенім артқан әріптестеріне, аудан басшылығына және барша азаматтарға шынайы алғысын білдірді.

Мейірім ПАРАСАТ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале