12.03.2026, 17:15
Оқылды: 8

БҚО Жәңгір хан университетінде "Томирис" командасының мүшесімен кездесу өтті

БҚО Жәңгір хан университетінде "Томирис" командасының мүшесімен кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

F06AE518-DB04-4FA7-884E-0BCC6C419C59

Сурет: Polisia.kz

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкері, "Томирис" командасының мүшесі Құралай Қабырайқызы қатысты. Кездесу барысында спикер студенттерге өзінің өмір жолы, құқық қорғау саласындағы қызметі және спорттағы жетістіктері туралы айтып берді. Сонымен қатар ол табандылық, тәртіп және мақсатқа адалдық кез келген жетістікке жетудің маңызды факторы екенін атап өтті. Айта кету керек, "Томирис" командасы халықаралық деңгейдегі беделді UAE SWAT Challenge 2026 жарысында жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның намысын абыроймен қорғаған болатын.

8EB7FD3B-D3CB-4ED6-9BE9-9C731202BDF1 (1)

Кездесу "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында өтті. Іс-шара барысында студенттер спикерге түрлі сұрақтар қойып, құқық қорғау саласындағы қызметтің ерекшеліктері мен халықаралық жарыстарға дайындық туралы ақпарат алды. Кездесу соңында Құралай Қабырайқызы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуға және елге адал қызмет етуге шақырды. Осындай кездесулер жас ұрпақтың бойында жауапкершілік, тәртіп және патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале