12.03.2026, 17:45
Оқылды: 32

Пациенттерді қолдау қызметіне қандай жағдайларда жүгіне аласыз?

медицина жп аралтал (6)

- учаскелік дәрігер болмаса, оған жазыла алмасаңыз немесе сізді қабылдаудан бас тартса;
- аумақтық принцип бойынша емханаға тіркелген болсаңыз да, учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер медициналық көрсеткіштеріңіз бола тұра үйге шақыртуыңызға бармаса;
- бейінді маманның кеңесіне жазыла алмасаңыз, маман болмаса немесе оған бір айдан кейін жазылыңыз десе;
- медициналық көрсеткіштеріңіз бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе;
- жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса;
- диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз;
- көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;
- дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса немесе өзін талапқа сай ұстамаса;
- өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе жазбаларды анықтасаңыз;
- жалпы медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса.

Пациенттерді қолдау қызметі – «осында және қазір» көмек көрсету.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале