Кеше ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы «Ашық есік» күнін өткізді. Іс-шара «Аманат» партиясының Шыңғырлау аудандық филиалының ғимаратында ұйымдастырылды.

Кездесуге аудан тұрғындары қатысып, ветеринария саласына қатысты өзекті сұрақтарын қойды. Тұрғындарға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Р.С. Сабиров пен БҚО әкімдігі ветеринария басқармасының Шыңғырлау аудандық ветеринариялық станциясының директоры Д.Е. Сағынбай жан-жақты түсіндірме берді.
Іс-шара барысында мал ауруларының алдын алу, өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық талаптар, жануарларды тіркеу және тасымалдау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осындай кездесулер тұрғындар мен ветеринариялық қызмет арасындағы байланысты нығайтып, халықтың көкейіндегі сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
Нұрғали Төлегенов,
Шыңғырлау ауданы