Жаңақала ауданы, Пятимар ауылдық округіндегі №112 референдум учаскесінде дауыс беру басталды. 06.40-та дауыс жинайтын, яғни тұрақты және тасылмалданатын жәшіктер пломбаланып, сағат 06.50-де ҚР-нің Мемлекеттік Гимні ойналды.
07.00-де дауыс беру басталды. Ең алғашқы болып ауыл тұрғыны Садық Ахметкереев өз таңдауын жасады. Аумақтық комиссияның мәліметінше, аталған учаске бойынша 590 сайлаушы тізімге енген. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
zhaikpress.kz