Жәнібек ауданының тұрғындары тарихи оқиғаға – Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумға қатысуда. Бұл жай ғана дауыс беру емес, мемлекеттің одан әрі даму жолын айқындау, елдің болашақ іргелі құжатын қалыптастырудағы негізгі қадам.

Фото: ЖИ
Жәнібек ауданында референдумға қатысуға барлығы 19 сайлау учаскесі құрылып, оларда сайлау құқығы бар 8 900 азаматтың белсенділігі күтілуде.
Дауыс беру процесі республикалық деңгейде өтуде және оның қорытындылары конституцияның түпкілікті редакциясын – Қазақстанның тұрақтылығын, әділдігі мен өркендеуін қамтамасыз етуге арналған құжатты айқындайды. Жәнібек ауданының тұрғындары азаматтық сана танытып, осы маңызды процеске белсенді араласып, өз елінің болашағына демократиялық принциптер мен жауапкершілікпен қарайтындықтарын растады.
Айта кету керек, жаңа редакцияға сәйкес ел Конституциясы 84% - ға өзгереді: супер президенттік модельден президенттік республикаға көшу, бір палаталы парламенттің рөлі күшейіп, артады, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейеді және т. б.
Автор: "Ғұмар Елі" газеті