15.03.2026, 7:30
Оқылды: 33

Ел болашағы үшін маңызды таңдау

15 наурыз – ел тарихында тағдырлы шешім қабылданатын маңызды күндердің бірі. Бұл күні қазақстандықтар ел дамуының жаңа кезеңіне бағыт беретін маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасауда. 

154432

Тасқала ауданы орталығындағы №330 референдум учаскесі таңғы сағат 7:00-де өз есігін айқара ашты. Таңмен таласа келген ауыл тұрғындары дауыс беру учаскесіне келіп, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Ашылу рәсімі салтанатты түрде өтіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Осылайша саяси науқанның алғашқы сәттері ерекше рухпен басталды.
Алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің қатарында аудан әкімі Талғат Шакиров те болды.

154395
Аудандық сайлау комиссиясы төрағасы Динара Баишеваның мәліметінше, аудан көлемінде 1 аумақтық және 22 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істеуде. Жалпы саны 133 комиссия мүшесі референдумды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына тартылған. Барлық учаскелер белгіленген тәртіпке сәйкес таңғы сағат 7:00-де ашылып, дауыс берушілерді қабылдауда. Ал дауыс беру процесі кешкі сағат 20:00-де аяқталады.

154387

«Референдум учаскелері аудан аумағындағы 11 білім беру мекемесінде, 10 мәдениет нысанында және 1 денсаулық сақтау мекемесінде орналасқан. Белсенді сайлау құқығына ие азаматтардың тізімі толық нақтыланды. Қазіргі таңда аудан бойынша 10 215 азамат референдумға қатысу құқығына ие. Барлық тұрғындардың тұрғылықты жері бойынша тиісті учаскелерге тіркелуі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар азаматтарға өздерін сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеру мүмкіндігі берілді»,-дейді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Динара Құрманғалиқызы.

154384
Референдум барысының ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында байқаушылар да белсенді жұмыс істеуде. Олардың қатарында "Намыс" және "Дауыс" қоғамдық бірлестігінің өкілдері, "Аманат" партиясы өкілдері бар.

154420
Осылайша аудан тұрғындары ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде.

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале