Бәйтерек ауданында да сағат 7-00-де 53 учаскелік референдум комиссиялары жұмыстарын бастады.

Жалпы аудан бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы саны – 42017 құрайды. Тізімде жоқ азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексеру үшін аудан бойынша 10 онлайн-сервисі: Переметный, Мичурин, Көшім, Дариян, Байқоныс, Достық, Рубежин, Щапов, Махамбет, Белес ауылдарындағы референдум учаскелерінде іске асырылуда.

Сағат 07-30-дағы жағдай бойынша үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге 871 өтініш түскен, өтініштер бүгін сағат 12.00 дейін қабылданатын болады.
Серік Маратұлы
Бәйтерек ауданы