Бүгін дауыс беру басталысымен-ақ учаскеге алғашқылардың бірі болып келген тұрғынға арнайы сыйлық табысталды. Учаскелік референдум комиссиясының мүшелері белсенділік танытып, азаматтық ұстанымын көрсеткен тұрғынға алғыс білдіріп, естелік сыйлық ұсынды.

Комиссия мүшелерінің айтуынша, мұндай игі дәстүр тұрғындарды қоғамдық-саяси науқандарға белсенді қатысуға ынталандырып, азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Жалпы, аудан бойынша референдум учаскелері таңғы уақыттан бастап қалыпты режимде жұмысын атқаруда. Тұрғындар өз таңдауларын жасауға белсенді түрде қатысуда.
Райхан Хамзина
Жаңақала ауданы