15.03.2026, 8:30
Оқылды: 24

Халық дауысы – ел болашағы

Шыңғырлау ауданы № 425 учаскелік референдум комиссиясы орналасқан Шыңғырлау колледжінде дауыс берушілер қатарында аудан тұрғындары Қаршығали және Тұрсын Қарабалиевтер де бар.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 09.24.55

Зейнеткер жандар еліміздегі бұл маңызды күні ерте келіп дауыс беруді өздерінің борыштары екенін айтады. Ең жас дауыс беруші Дулат Бисембаев саяси маңызы терең сәтте өз дауысымен дұрыс таңдау жасауға қатысып отырғанына қуанышты екенін жеткізді. Дауыс берушілердің қатары көбейе түсуде. Коллед ішінде дауыс берушілерге сонымен қатар ақтан ауыз тигізіп, бауырсақтан дәм таттыруда.

Гүлшат Ботанова,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале