№425-ші референдум комиссиясы орналасқан Шыңғырлау колледжінде мемлекеттік маңызға ие шара дәл уақытында басталды.

Мемлекеттік Әнұран орындалып, комиссия мүшелері алдында референдум комиссиясының төрағасы Серікбай Жұмағұлов еліміздегі саяси шараның маңыздылығына тоқталып, барлық жауапты жандарға ұйымшылдық, сәттілік тіледі. Осы күнгі барлық аудан жұртшылығы өздерінің нақты да дұрыс таңдау жасайтындықтарына сенім білдірді. Алғаш дауыс берушілердің қатарында аудан тұрғындары Дархан Алталиев, Гүлжазира Жұмағазиевалар бар.
Гүлшат Ботанова,
Шыңғырлау ауданы