15.03.2026, 8:45
Оқылды: 26

Қос қарияның таңдауы - көпке үлгі

“Жас туристер станциясы”-ның акт залындағы № 128 сайлау учаскесіндегі тұрғындардың белсенділігі жоғары.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 09.40.04 (1) WhatsApp Image 2026-03-15 at 09.40.04

Таңғы уақыттан бастап-ақ, өз таңдауын жасаған азаматтар саны көбейіп келеді. Олардың қатарында 87 жастағы қария мен 78 жастағы ақ жаулықты әже де бар. Бұл отбасы “Халықтар достығы” көшесінің тұрғындары. Егде тартқан жан болса да өздерінің азаматтық міндетін орындау үшін арнайы келіп дауыстарын берді. Жастары ұлғайса да, қоғамдық маңызы бар шарадан шет қалмаған ата мен әженің бұл қадамы көпшілікке үлгі болды. Қос қария ел тағдырына қатысты мәселеден тыс қалмай, өз парыздарын орындады.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале