Казталов мектеп-лицейінде орналасқан №220 референдум учаскесінде мерейлі 70 жасқа толған туған күн иесі Базарбай Бектенов дауыс беріп, азаматтық таңдауын жасады.

Мерейтой иесі бұл саяси маңызды шараның өзінің туған күнімен тұспа-тұс келуін жақсылықтың нышанына балап, сайлау комиссиясы мүшелерімен қуанышын бөлісті. Өз кезегінде сайлау комиссиясының мүшелері мерейтой иесін құттықтап, оған естелік сыйлық табыстады.
zhaikpress.kz