Казталов мектеп-лицейінде орналасқан №220 референдум учаскесінде 18 жасқа толған жас сайлаушы Альбина Мерғали алғаш рет дауыс беріп, өзінің азаматтық құқығын пайдаланды.

Алғаш рет дауыс беріп отырған жас сайлаушыға учаскелік референдум комиссиясы атынан естелік сыйлық табысталды.
– Бүгін сайлаушы ретінде бірінші рет келіп тұрмын. Сайлау мемлекеттің дамуына, болашағына әсер етеді. Сондықтан әр азаматтың дауысы маңызды деп ойлаймын. Осындай маңызды сәтте өз таңдауымды жасау мен үшін үлкен жауапкершілік, – деді Альбина Талғатқызы.
zhaikpress.kz