15.03.2026, 9:14
Оқылды: 21

Бәйтерек ауданындағы №180 референдум учаскесінде 1155 азамат тіркелген

image-15-03-26-08-27

image-15-03-26-08-27-3

Дариян ауылындағы №180 референдум учаскесі  таңғы сағат 7:00-де, ҚР Әнұранмен  ашылды. Аталған учаскеде барлығы 1155 азамат дауыс беруге тіркелген.

Алғашқылардың бірі болып дауыс берген Сағидолла Сапаровқа арнайы сыйлық табысталды. «Бүгін келіп өз дауысымды бердім. Дауыс беру – әрбір қазақстандық азамат үшін маңызды деп санаймын”, – деді ол.

Сонымен қатар Дариян ауылының тұрғыны Виталий Колпаков та өз таңдауын жасады. Оның айтуынша, бүгін – маңызды тарихи күн. Әрбір дауыс маңызды.  

Референдум учаскесінде дауыс беру заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындар белсенділік танытуда.

Дина Ахметова,

Дариян ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале