Қаратөбе ауданының орталығындағы №277 Қаратөбе референдум учаскесінде тұрғындардың белсенділігі байқалды. Таңертеңнен бастап аудан халқы өз таңдауын жасау үшін дауыс беру учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатысуда.

Солардың қатарында ауданға белгілі Абдрахмановтар отбасы да бар. Олар референдум учаскесіне түгелдей дерлік отбасымен келіп, маңызды саяси науқанға қатысу арқылы өзгелерге үлгі көрсетті. Отбасы мүшелері ел болашағына бейжай қарамайтындарын айтып, әрбір азаматтың дауыс беруі мемлекет дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.
– Біздің болашағымыз өз қолымызда. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, ел тағдырына жауапкершілікпен қарауы керек. Біз бүгін отбасымызбен келіп, дауыс бердік, – дейді Думан Абдрахманов.
Р.Абай
Қаратөбе ауданы