Республикалық референдумға орай аудан аумағындағы дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады. Таңғы сағаттан бастап тұрғындар өз таңдауларын жасау үшін учаскелерге келіп, азаматтық белсенділіктерін танытуда.

Дауыс беру үдерісі заң талаптарына сай ұйымдастырылып, учаске мүшелері өз міндеттерін атқаруда. Сонымен қатар, референдумның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында учаскеде екі байқаушы қатысып, дауыс беру барысын бақылап отыр.
Соның бірі - “Дауыс қоғамдық байқаушылар коалициясы” республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының байқаушысы Айдар Мусин: - “Бүгін Пятимар ауылдық округінің №112 референдум учаскесінде байқаушы ретінде қатысудамын. Сағат 9.00-ге дейін 52 сайлаушы дауыс берді. Әзірге ешқандай заңбұзушылық орын алған жоқ. Учаскенің байқаушылары да, комиссия мүшелері де өз міндеттерін атқаруда. Бұл саяси науқан – ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда халықтың өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін маңызды қадам, - дейді.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы