15.03.2026, 9:30
Оқылды: 81

Әлем чемпионы дауыс берді

Темірлан Көлбай  Бөрлі ауданының ғана емес, бүкіл Қазақстанның спорттағы мақтанышы. Спортшылар отбасында туып-өскен Темірлан әулеттің үлкен ұлы. Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдо мен самбодан Азия чемпионы, көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері. Ал 2024 жылы самбо күресінен Әлем чемпионы атанып, еліміздің мерейін тасытқан, көк туымызды көкте желбіреткен ол спортта ғана емес, өмірде де белсенді.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 10.35.59

Бүгін референдумға №82 учаскеге дауыс беруге келгендердің алдыңғы легінен көрінді. "Спортшы әр уақытта сергек болу керек. Және де мен спортшы ғана емес, ең бірінші, өз елімнің азаматымын. Қай қай жеңісімді де еліме арнағанмын, арнай да беремін. Ал елімізде болып жатқан әрбір оқиға, жаңалықтар мен үшін маңызды" - дейді Темірлан Көлбай.

Дариға Нұрашова
 Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале