15.03.2026, 9:35
Оқылды: 28

Ақсайлық әже өз таңдауын жасады

Ақсай қаласындағы №82 учаскеде референдумға дауыс беру жалғасуда.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 10.42.27

Осы учаскенің ең жасы үлкен сайлаушысы Жібек Рамазанқызы да келіп өз дауысын берді. Ажмағамбетова Жібек апамыз бүгінде 78 жаста екеніне қарамастан референдум комиссиясының жұмыс жасаған алғашқы сағатында келіп, белсенділік танытты. Бүгінгі күннің еліміз үшін аса маңызды күн екенін жақсы түсінетінін айтқан әже барлығын көрісу күнімен қызу құттықтады. Комиссия төрайымы Индира Абдуллиеваның ұсынған сыйлығына ие болған әже елге тыныштық, жастарға бақыт тіледі.

Дариға Нұрашова, 
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале